Каир қаласында 18 жасқа дейінгілер арасында ITF Juniors J300 турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде 105-орында тұрған Қазақстан спортшысы Соня Жиенбаева табысты өнер көрсетіп, жекелей және жұптық сында финалға дейін жетті.
Жиенбаева жекелей сында соңғы бәсекеде ғана Польша өкілі Моника Станкевичке (27 ITF Juniors) 4:6, 6:1, 4:6 есебімен есе жіберді. Ал жұптық сында тағы бір отандасымыз Асылжан Арыстанбековамен бірге финалда ресейліктер Дарья Егорова – Юлия Перепахинаға жол берді – 3:6, 1:6.
Соня мен Асылжан Мысырда қалады. Олар осы аптада бірінші санаттағы J500 жарысында бақ сынайды.