• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 20 Ақпан, 2024

-40°С: Синоптиктер қатты аяз болатын өңірлерді атады

6868 рет
көрсетілді

Қазақстан синоптиктері сәрсенбі, 21 ақпанға арналған ауа райы болжаным ұсынды. Мамандар ел азаматтарына қатты аяз, бұрқасын, тұман болатынын ескертті, деп жазады Egemen.kz.

«Қазгидромет» мамандары ұсынған болжамға сәйкес, елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады.

Тек Қазақстанның батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуі әсерінен қар жаууы мүмкін.

«Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта жел күшейеді, батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жел соғады. Ел бойынша тұман түседі», делінген ақпаратта.

Ал Қарағанды ​​облысының тұрғындары әлі де жылы киінгендері абзал, себебі өңірде -35°С-қа дейін қатты аяз күтіледі, облыстың шығысында термометр бағамы -40°С аязға дейін жетеді.

Жетісу облысында -30-35°С, Абай ауданында -40°С, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында -45°С өте қатты аяз болады.