«Қазгидромет» мамандары ұсынған болжамға сәйкес, елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады.
Тек Қазақстанның батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуі әсерінен қар жаууы мүмкін.
«Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта жел күшейеді, батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жел соғады. Ел бойынша тұман түседі», делінген ақпаратта.
Ал Қарағанды облысының тұрғындары әлі де жылы киінгендері абзал, себебі өңірде -35°С-қа дейін қатты аяз күтіледі, облыстың шығысында термометр бағамы -40°С аязға дейін жетеді.
Жетісу облысында -30-35°С, Абай ауданында -40°С, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында -45°С өте қатты аяз болады.