• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Құтқарушы 21 Ақпан, 2024

Суға батқан баланы аман алып қалған құтқарушылар марапатталды

149 рет
көрсетілді

Алматыда 18 ақпан күні бала өмірін судан құтқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен лейтенант Абиров Серік марапатталды. Подполковник Қасенов Талғат пен майор Ілияс Серік ҚР ТЖМ Алғыс хатын алды. Министр атынан марапатты Алматы қаласы ТЖ департаментінің бастығы полковник Нұрлан Атығаев табыстап, алғыс білдірді. Сондай-ақ баланың әкесі ТЖД-ға арнайы келіп, құтқарушыларға отбасының атынан алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәлім етуінше 18 ақпан күні сағат 17:00 шамасында қоғамдық бассейн аумағында адамдар шамамен 5-6 жасар баланың суға батып кеткендігін хабарлап, көмек сұраған. Табандылықпен МКҚ қызметкерлері дереу алғашқы көмек көрсете бастаған. Бала ес-түссіз жатқан екен. Лейтенант Абиров Серік әуелі, каротид артериясындағы пульсті тексеріп, оның жоқтығын анықтады, яғни бала тыныс алмады. Ауыз қуысында бөгде заттардың жоқтығына көз жеткізіп, жүрек-өкпе реанимациясына кірісті. Барлық амалдар Әбіров Серіктің басшылығымен жасанды тыныс беру әдісімен жүргізілді, ал Қасенов Талғат пен Ілияс Серік кеуде қуысын қысуды жүргізді. Бірнеше әрекеттен кейін бала жөтеліп, тыныс алды.

Осылайша қызметкерлердің шұғыл әрі сенімді әрекеттері арқасында бала құтқарылды.

Сол күндері Алматы қаласында МКҚ қызметтік іссапарда болғанын атап өткен жөн.