• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Саясат 21 Ақпан, 2024

Әйелдер мен балалардың қауіпсіздігі: Ерлан Қарин жаңа заң жобасына қатысты пікір білдірді

234 рет
көрсетілді

Бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында әйелдердің құқықтарын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты заң жобасы бірінші оқылымда қабылданды. Осы орайда ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин әлеуметтік желіде пікір қалдырды, деп жазады Egemen.kz.

Ерлан Қарин атап өткендей, заң жобасында тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін шешудің жан-жақты тәсілдері қарастырылған. Ол аталған құжат Президенттің былтырғы күзде жариялаған Жолдауын жүзеге асыру аясында әзірленгенін еске сала кетті.

«Жалпы, осы жобаға сәйкес түрлі заң актілеріне 70 түзету енгізу көзделіп отыр. Соның ішінде, отбасыларға көмек көрсету инфрақұрылымын қалыптастыруға бағытталған өзгерістерді, сондай-ақ тұрмыс саласындағы қылмыстар және балаларға қарсы жасалған зорлық-зомбылықтың барлық түрлері үшін жазаны күшейтуді атап өтуге болады.

Мәселен, адамды ұрып-соққаны, денсаулыққа жеңіл, ауырлығы орташа және ауыр зиян келтіргені, азаптап-қинағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді және күшейтілді», деп жазды Мемлекеттік кеңесші.

Ерлан Қарин тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін анықтауға және алдын-алуға бағытталған бірқатар шара көзделгенін тілге тиек етті.

«Заң жобасын депутаттар мемлекеттік органдармен, сарапшылар қауымдастығымен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп әзірледі.

Бұл құжатты дайындауға Балалар құқығы жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева белсене атсалысты», деп түйіндеді Ерлан Қарин.