• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Технология 21 Ақпан, 2024

Қандай стартап қаржы алады?

165 рет
көрсетілді

«Astana Hub» халықаралық технопаркі Seed Money 4.1 стартаптарды қаржыландыру бағдарламасын іске қосты. Қатысуға өтініш 5 наурызға дейін қабылданады.

Биыл AI, Game dev, Block­chain, Defence Tech, Space tech, Hardware және Smart city бағы­тындағы жобаларға басымдық берілді. Іріктеуден өткен стар­тап ₸20 миллионға дейін қар­жыға қол жеткізеді.

«Бұған дейін Seed Money-ге қатысқан стартаптардың 67 пайы­зының табысы артып, қар­­қын­ды дамыды. Мысалы, бағдар­лама түлектері арасында «UvU», «beyne.ai», «Parqour» және тағы басқа компаниялар бар. Қаржыландыру «Astana Hub»-тың жеке қаражаты есе­бі­нен Revenue Share моделі ар­қы­лы жүзеге асып, яғни 5 жыл ішін­де барлық қаражат жұм­сал­ған­нан кейін 1 пайыз төлем жаса­луға тиіс», – деді «Astana Hub» бас директоры Мағжан Мәдиев.

Қаржыландырумен қатар Seed Money қатысушыларына коворкинг кеңістігінде жұ­мыс орны және «Astana Hub» ин­фрақұрылымына қолжетім­ділік (басқа өңірлерден кел­ген стартаптары үшін), сарап­шы­лық кеңестер мен сала маман­дарының кері байланысы, B2B/B2G кездесулеріне ат салысу, инвесторлармен және бизнес-демеушімен нетворкинг ұсынылады.

Бағдарламаға қатысу үшін стар­тап мынадай даму кезеңі­нің біріне сай болуы шарт: MVP – минималды, бірақ бі­рінші тұтынушыларды қана­ғат­­тандыруға жеткілікті функ­ция­лары бар; PMF – нарық­­т­ың нақ­ты қажеттілігін қанағаттан­дыратын және тұтынушылар үшін құндылығы бар; SCALE – жаңа нарыққа шығуға тұты­нушылар сегменттерін немесе басқа әрекеттерді кеңейту ар­қылы сату көлемін кеңейту кезеңі.

«Бағдарламаға қатысуға жо­ба жетекшісін қосқанда, кемінде үш негізгі қатысушыдан тұра­тын команда болуы керек. Жо­ба жетекшісі максималды тиім­ділікті және үдерістерді бақы­лауды қамтамасыз ету үшін басқа жобамен айналыс­пауға тиіс. Сондай-ақ қар­жы­лан­­дыруға өтінім беру және серіктестермен, клиенттермен, инвесторлармен жұмыс істеуге заңды негізді қамтамасыз ету қажет болғандықтан, үміткердің заңды тұлғасы болуы керек. Бұл талаптың барлығы жоба­ның тұрақты және табысты болуын қамтамасыз етуге, сон­дай-ақ оның ұзақмерзімді да­муына қолайлы жағдай жа­сау­ға бағытталған», – деді «Astana Hub» қаржыландыру бағдар­ламалары офисінің директоры Анарбек Өтеғұлов.

2021 жылы іске қосылған Seed Money бағдарламасы аясында дамудың әртүрлі кезеңін­дегі 45 жоба 24 мил­лион теңгеге дейін қаржы­лан­ды­рылды. Қа­зіргі таңда Seed Money 3.0 нәти­жесі бо­йынша іріктелген 11 стар­тап «Astana Hub»-тың қар­жы­ландыру келісімі аясында жобаларын жүзеге асыруға кірісті.

Айтпақшы, Seed Money бағдарламасына қосымша кеңес­­ті платформа немесе 2222 қыс­қа нөмірі бойынша «Astana Hub» қолдау қызметі арқылы алуға болады.

 

Ақсұңқар ХАБАСҚЫЗЫ,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті