Қостанай құтқарушылары боранды күні автобус бұзылып, жолда қалған шетелдіктерді эвакуациялады, деп жазады Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«22 ақпанда Қостанай облысы Қарабалық ауылының маңында республикалық маңызы бар «Екатеринбург-Алматы» тас жолында Тәжікстан азаматтары мінген автобус қасат қарға кептеліп қалды. Автобустың бұзылуына дизельдік отынның қатып қалуы себеп болған. Төтенше жағдайлар қызметінің күштері Қостанай облысының ЖАО, ПД және жол қызметімен бірлесе отырып, 55 адамды, оның ішінде 6 баланы жылыту пунктіне эвакуациялады», делінген ақпаратта.
Шетелдік азаматтар қостанайлық құтқарушыларға алғыс айтты.