«Азаматтарға арналған үкіметтің» Көкшетау қалалық Халыққа қызмет көрсету орталығының бұрынғы маманымен астыртын келісу арқылы, екі азаматтың жалған төлем құжаттарын пайдаланып, міндетті төлемдерді жасамай 68 шетелдік көлікті тіркегендер анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Бұл туралы аймақтағы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Жалған төлем-есеп айырысу құжаттары арқылы 68 көліктің заңсыз тіркелгені белгілі болды. Бұрынғы қызметкердің мемлекеттік шығыны шамамен 449 миллион теңге.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратуға жатпайды.