Бұл Қазақстанда енді ғана дамып келе жатқан спорт түрінің бірі. Астанада өтіп жатқан жарысқа еліміздің әр өңірінен барлығы 200-ден астам қатысушы келген, олардың көбі әскерилер, деп хабарлайды Egemen.kz.
Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің мәлім етуінше, аталған спорт түрінің ерекшелігі, нысаналарды бір орыннан тұрып емес, жүгіріп жүріп ату керек. Яғни кез келген бұрыштан оқ жаудырып, жаттығуды жылдам орындап шығу қажет. Бұндай жарысқа қатысу үшін бірқатар анықтамалар және қару қолдануға рұқсатнама құжат қажет. Сондықтан да аталған турнирге қатысушылардың көбі әскерилер, дегенмен, қатысушылардың арасында басқа саладағылар да бар. Мергендік пен шапшаңдық сыналатын турнирге қатысушылар «бастысы жеңіс емес, сайыстың адреналинін сезіну» дейді.