Мәнерлеп сырғанаудан Нидерланд Корольдігінің Тильбург қаласында өткен Challenge Cup халықаралық турнирінде Қазақстан спортшысы жеңіске жетті, деп жазады Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Михаил Шайдоров қысқа бағдарламада 85.75 балл жинап, 2-сатыға орнықса, еркін бағдарламада шеберлігімен тәнті етіп, жалпы есепте - 256.34 ұпаймен жеңіске жетті. Жасөспірімдер арасында әлем чемпионы жапон спортшысы Тацуя Цубой күміс медальді місе тұтса, оның отандасы Казуки Томоноға қола медаль бұйырды.
Халықаралық турнирге 32 мемлекеттен 157 спортшы қатысты.