№11 Алматы 2-Шымкент бағытындағы пойыздың №19 вагонында жолға шыққан дарынды домбырашылар "Тұран" күйін орындап, жолаушылардың ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 ақпанда жеті жас домбырашы ұстаздарымен бірге Алматыдан Шымкент қаласына байқауға қатысу үшін жолға шыққан.
Сапар барысында балалар пойызда жарысқа дайындалған. Олар қаз-қатар отыра қалып, домбыра тартқан.
Осылайша домбырашылар вагон жолаушыларына керемет көңіл-күй сыйлаған.