Целиноград ауданының прокуратурасы Қараөткел ауыл әкімдігінің лауазымды қызметкерлері 3 жыл бойы бюджет қаражатын заңсыз иеленіп келгенін анықтады. Олар әкімдік қызметкерлеріне тиесілі 15 млн теңгені өзара бөліскен, деп жазады Egemen.kz.
Аудандық прокуратура қызметтік тексеріс барысында бюджет қаржысының талан-таражға түсу фактісін тіркеді. Әріптестерінің жалақысын жымқырып келгендерге қатысты ҚР Қылмыстық Кодекстің 189-бабы 2-тармағының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Кінәлілердің қылмысы заң жүзінде дәлелденсе мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.