• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Ақпан, 2024

Ең жүйрік ат иесіне миллион дирхам беріледі: Жарысқа Қазақстанның «Кабирхан» арғымағы қатысады

526 рет
көрсетілді

1 наурызда Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін дәстүрлі Dubai Racing Carnival жарысына әлемге әйгілі Қазақстан тұлпары Кабирхан қатысады. Бұл туралы inbusiness.kz сайтынан мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Аталған сайттың жазуынша жарыстың жалпы жүлде қоры 1,7 араб дирхамын құраса, ең жүйрік ат иесіне 1,02 млн дирхам беріледі.

Осыған дейін Кабирхан беделді екі жарыста топ жарғаны мәлім. Озып келгеннен кейін арғымаққа көз тіккендер көбейіп, иесі Тілек Мұханбетқалиевке миллион долларға сатуға ұсыныс еткендер болған көрінеді.