Су спорты түрлерінен Нью-Кларк-Сити (Филиппин) қаласындағы XI Азия чемпионатында бүгін 1 метрлік тұғырдан суға секіру бойынша жекелей сайыста Қазақстанның екі спортшысы жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Атап айтқанда, ұлдар арасында Назар Қожанов күміс медаль иегері атанса, қыздар арасында Диана Жұмағұлова XI Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.