• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Құтқарушы 01 Наурыз, 2024

Құрбысын құтқаруға көмек шақырып үлгерген 7 жасар бала марапатталды

146 рет
көрсетілді

Астанада қасындағы баланы құтқаруға уақтылы көмек шақырған 7 жасар бала марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Сарыарқа ауданы ПБ полиция бөлімінің бастығы Қадыр Малғаздаров досының суға батып бара жатқанын көріп, балықшыларды көмекке шақырып үлгерген 7 жастағы Пусь Дархан есімді балаға ризашылығын білдіріп, марапатын ұсынды. Сондай-ақ суға батып бара жатқан баланы құтқарған балықшы Абдужапбар Абдураимовқа да бағалы сыйлық табыс етілді. Аталған оқиға бойынша «102» жедел арнасына Есіл өзенінің жағалауында балықшылар кәмелетке толмаған баланы судан алып шыққаны туралы хабар түсіп, жедел түрде автопатруль жіберілген. Анықталғандай, 7 жастағы бала құрбысымен жағалау бойымен серуендеуге барып, ойнап жүріп мұзға шыққан. Бір мезетте мұз жарылып, балалардың бірі суға құлап кеткен. Жақын жерден балықшыларды көрген бала жүгіріп барып,  көмек сұраған. Суға батып бара жатқан балаға дереу жеткен балықшылардың жедел әрекетінің арқасында, құлаған бала құтқарылып, кейін жедел жәрдем шақырылған. Қазіргі уақытта баланың денсаулық ахуалы жақсы.