• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Есірткі 01 Наурыз, 2024

Астанада ең ірі есірткі зертханасы жойылды

79 рет
көрсетілді

Астана қаласында жасырын синтетикалық есірткі өндіру зертханасы анықталып, жойылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған іс бойынша екі күдікті ұсталды. 

«Тінту барысында шамамен 80 мың бір реттік дозаға бара-бар 27 кг астам «мефедрон» психотроптық заты, сондай-ақ 1 тоннадан артық прекурсор алынды. Алынған есірткі құны «қара нарықта» 540 млн теңгеге бағаланады. Бұдан басқа, Астана қаласының тағы бірнеше ауданында зертхана жабдығы бар 40 футтық екі контейнер табылды, тергеу нұсқасы бойынша, олар есірткі өндірісін ұйымдастыру үшін арналған», делінген комитет таратқан хабарламада. 

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.