Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желіде туған күніне орай балаларынан қандай сыйлық алғанын көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
3 наурызда министр 41 жасқа толды. Балалары әкесінің туған күніне орай тосын сый дайындаған. Олар оның кішкентай кезінен бастап қазіргі уақытқа дейінгі суреттерінен тұратын фотоальбом ұсынған.
«Отбасым — тірегім, берік іргем. 41 жасыңда өзіңді толық бақытты адам сезіну қандай ғажап! Себебі, менде олар бар - ең жақын жандарым. Қандай жағдай болмасын қолдап жүретін отбасым барда менің көңілім тоқ. Таңнан бері құттықтап жатқан барша жанға алғысым шексіз!», деп жазды Бағдат Мусин.