• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Наурыз, 2024

«Басында жер борпылдақ шығар деп ойладым». Желі қолданушысы жер сілкінгендегі әсерін айтты

10006 рет
көрсетілді

Facebook қолданушысы Бақытжан Бұқарбай өзінің парақшасында жер сілкінген кездегі әсерін бөлісті, деп жазады Egemen.kz.

«Кеңсайда жүргем. Басында жер борпылдақ шығар деп ойладым, сосын қатты ойнады. Шайқалған құлпытастардың арасында қалдым. Әсіресе Нұртілеу Иманғалиұлының құлпытасы қатты шайқалды», деп жазды Бақытжан Бұқарбай өзінің facebook парақшасында. 

Айта кетейік, Бүгін Алматы қаласының тұрғындары қатты жер сілкінісін сезді. Зілзала ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 км жерде орналасқан. Жер сілкінісі МSК-64 шкаласы бойынша 5 балл сезілген.