Сағат 14:00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы халықты қабылдау пункттеріне 1 132 адам жүгінген. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Алматыдағы аудан әкімдіктерінің ақпаратына сәйкес, қалада 384 қабылдау пункті ашылды: 229 мектеп және 115 балабақша, 15 ЖОО, 20 колледж және 5 стадион. Қазір аудан әкімдіктерінің қызметкерлері жиналу пункттерінде жүр.