• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 04 Наурыз, 2024

Каспий теңізінің жағалауында 1000 гектар қамыс өртенді

156 рет
көрсетілді

Атырау облысында Каспий теңізінің жағалауында Құрманғазы ауылынан 40 км жерде, «Құрманғазы орман шаруашылығы» КММ аумағында 1000 га қамыс өртенді, деп жазады Egemen.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі жақын маңдағы елді мекендерге қауіп жоқ екенін мәлімдеді.

«Әуеден барлау жүргізу үшін ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды. Жалпы жанған аумақ көлемі 1000 га құрайды. Оның ішінде 200 га аумақ ТЖД күштерімен сөндірілді, ал 780 га аумақ өздігінен сөнді», делінген ТЖМ хабарламасында.