• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Тағайындау 04 Наурыз, 2024

Жоғарғы Соттың Коммуникация бөлімін Перизат Сәдуақас басқарады

177 рет
көрсетілді

Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров ұжымға жаңадан тағайындалған Жоғарғы Соттың Коммуникация бөлімінің меңгерушісі Перизат Сәдуақасты таныстырды, деп жазады Egemen.kz.

Перизат Сәдуақас Қарағанды облысында дүниеге келген. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, тарихшы, заңгер. Тарих ғылымдарының кандидаты. 4-ші санатты біліктілік сыныбы бар.

Перизат Сәдуақастың еңбек жолы:

2002 – 2009 жылдары Қарағанды қаласындағы М.Жұмабаев атындағы №39 мектеп-гимназияның, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті тарих факультетінің оқытушысы, Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының оқу – клиникалық орталығының инспекторы болған.

2009 – 2017 жылдары Қарағанды облыстық тілдерді дамыту басқармасының жетекші маманы, Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің сарапшысы, ҚР Президенті Баспасөз қызметінің референті, сарапшысы, ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сарапшысы, инспекторы, М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі болды.

2019 – 2024 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Серіктестік департаменті директорының орынбасары, директоры, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) үздіксіз қызмет, Ұлытау облысы әкімінің, Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі, Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.