Тележүргізуші Дина Төлепберген кеше бүкіл алматылықтарды дүрліктірген зілзала жайында пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz. Іnbusiness.kz сайты жазғандай, тележүргізуші кешегі қуатты жер сілкінісінен қатты қорқып қалған.
«Тағы сілкініс, тағы сан сұрақ, «Байбектің кезінде мұндай болмап еді» деген әзілдер тағы естіледі. Бірақ бұл жолы өзім де шошып қалдым. Мен секілді әрбір ата-ана ең алдымен мектеп, бала-бақшадағы баласы үшін уайымдаған шығар. Жер сілкінісіне не себеп? Қытайда қазылып жатқан жаңа ұңғыманы һәм Кемин зілзалаласын тілге тиек етіп жатқандар көп. Бірақ өзің тексере алмайтын дүниені талқылаудан не пайда? Меніңше, бар күшімізді қазір өзімізді қорғауға бағыттау дұрыс», дейді тележүргізуші.