• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Наурыз, 2024

Атырау облысындағы қамыс өртін сөндіруге тікұшақ жіберілді

68 рет
көрсетілді

Атырау облысы Құрманғазы ауданында бірнеше күннен бері қамыс өртеніп жатыр. 2 наурызда тұтанған от мың гектар жерді шарпып үлгерген, деп жазады Egemen.kz.

Тілсіз жаумен күреске тікұшақ тартылды. Жанып жатқан жердің батпақты болуы, сондай-ақ өрт ошағына апарар жолдың жоқтығы жұмысты қиындатып жатыр.  

«Аңшылар немесе балықшылар тамағын пісіріп, орнын өшірмей кетеді. Қабан және басқа да аңдарды үркіту үшін қамысты өртеуі мүмкін», деді облыстық ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Жантөре Демешов.

Жалын неден тұтанғаны әзірге белгісіз. Қазір аумақта 40 шақты адам мен 10 техника жұмыс істеп жатыр. Елді мекендерге қауіп төніп жатқан жоқ.