• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Наурыз, 2024

Алматыда тағы да жер сілкінді

1301 рет
көрсетілді

Бүгін Сейсмологиялық зерттеу институтына қарасты сейсмикалық стансалар желісі Алматыда тағы да жер сілкінгенін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жер сілкінісі 6 наурыз сағат 05:09 кезінде тіркелді. Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 266 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Энергетикалық класы − 12.6. Магнитудасы − 5.4. Тереңдігі − 10 шақырым. Алматылықтар қуаты 2 балл болатын жер дүмпуін сезді.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда 4 наурызда жер сілкінген еді. Ол кезде жер дүмпуінің қуаты 5 балға жеткен болатын.