• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Наурыз, 2024

Әйелдердің тісін емдеу үшін жәрдемақы берілуі мүмкін

243 рет
көрсетілді

Депутат Ерлан Саиров Мәжілістің бүгінгі отырысында ана капиталына назар аударып, ұрпақ өрбітетін аналардың денсаулығына қаржылай қолдау көрсету мақсатында бала туу жасындағы әйелдерге тісін емдету үшін бірреттік жәрдемақы беруді ұсынды. Ол осы мазмұндағы сауалын Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға жолдады, деп жазады Egemen.kz.

Депутат келтірген дерекке сүйенсек, еліміздегі 543 мың көпбалалы ананың барлығында тістің түсу проблемасы бар. 

«Елімізде ұзақ мерзімді демографияны қамту стратегиясының бас аспектісі - лайықты ана капиталын қалыптастыру. Ана жүкті болған кезде құрсақта баланың қалыптасуына кальцийді көптеп жұмсап, өзінің тісінен айырылатындығы медициналық факт. Қазақстанда стоматологиялық қызмет ақысы күйіп тұрғаны баршамызға белгілі. Сондықтан бірінші кезекте көпбалалы зәру аналарға тісін жөндеу үшін бірреттік қаржылық төлем қалыптастыру маңызды. Бала тапқан келіншектердің денсаулығын күтіп, қалпында ұстап отырудың мемлекеттік стандарттарын әзірлеу керек», деді Ерлан Саиров.

Мәжіліс депутаты ана бала босанғанда жасалатын төлем тек баланы күтуге бөлініп, ана денсаулығын қалыпта ұстау үшін қаржы қарастырылмағанын айтты. Біздің елдегі бала күтіміне берілетін сомманың мардымсыз екенін алға тартып, көршілес Ресейде 1 балаға 639 мың рубль - 3 млн 195 мың теңге, 2 балаға 883 мың рубль - 4 млн 400 мың теңге берілетінін мысал ретінде келтірді.