• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 06 Наурыз, 2024

«Күміс ханымдар»: Елорданың өнерлі әжелері сынға түсті

211 рет
көрсетілді

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Астана әкімдігіне қарасты Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Күміс ханымдар» атты әжелер байқауы өтті. Байқауға қатысқан әжелер таныстыру, өнер, сән көрсету және ас мәзірін дайындау сындарынан өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сайыс барысында өнерлі әжелер өздерін өлең жолдарымен таныстырып, монолог та оқыды. Сән байқауында подиумға шығып киім үлгілерін көрсеткен сәнқой апалар киім үлгілерін өздері пішіп, эксклюзивті туындыларын ұсынған. Ал өнер байқауында әжелер домбыра, гитара, баянның сүйемелдеуімен ән айтып, би биледі. «Ас үй құпиясы» байқауында екі сайыскер бір тағам түрін үйінен әзірлеп келіп, қазылар алқасының назарына ұсынды.

Байқау қорытындысы бойынша «Алматы» ауданы атынан қатысқан 78 жастағы Күлән Мадиярова мен 63 жастағы Қадыркүл Сыздықова үздік атанып, бас жүлдеге ие болды. Барлық жеңімпаздарға мерекелік сыйлықтар табыс етілді.

Бұдан бөдек, мерекелік кеште арықтау марафоны мен «Әжемнің ертегісі» челленджінің, «Инстагүл» номинациясының жеңімпаздары анықталып, оларға да құрмет көрсетілді.

Кеш барысында Астана қаласының өнерлі ата-әжелерінен құралған «Әдемі» ансамблі, «Жалын» би тобы және басқа да өнерпаздар өнер көрсетті.

Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсіме Астана қаласының кәсіпкерлері қолдау көрсетіп, демеушілік жасады.