• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Наурыз, 2024

Батыс Қазақстан облысының әкімі Финляндия елшісімен кездесті

120 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Финляндия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Сойли Мякеляйнен-Буханистпен кездесті. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мемлекет басшысының өңірге инвестиция тарту бойынша тапсырмасы бар. Батыс Қазақстан облысы Финляндиямен бірлескен жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға дайын», деп атап өтті облыс әкімі Нариман Төреғалиев.

Финляндия елшісі өз тарапынан әріптестікке дайын екенін жеткізді.

Аталған кездесу алғашқы болғандықтан, танысу бағытында өтті.

Кездесу соңында Нариман Төреғалиев Сойли ханымды алдағы 8 наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.