Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 наурыз күндері Әзербайжан Республикасына ресми сапармен барады, деп жазады Egemen.kz.
Бұл туралы Aqorda хабарлады.
«Сапар аясында Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің алғашқы отырысына қатысады», делінген хабарламада.