• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Саясат 10 Наурыз, 2024

Іргелі ұйымдар ынтымақтастығы

135 рет
көрсетілді

Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйы­мындағы төрағалығы аясында аталған ұйым мен Біріккен Ұлттар Ұйымы ара­сындағы ынтымақтастықты кеңейтуге қатысты нақ­ты шаралар қабылдап жатыр.

Кения мемлекетінің астанасы Найроби қаласында өткен БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі ассамблеясының VІ сессиясы барысында Қа­зақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы төрағалығымен ШЫҰ-БҰҰ жоғары деңгейдегі «Бір планета, бір болашақ: экологиялық тұрақ­тылық үшін күштерді біріктіру» арнайы іс-шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шараға ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жауапты министрліктері мен ведомстволары басшылары қатысып, жаһандық экологиялық және климаттық проблемалар және оларды ШЫҰ мен БҰҰ әлеуетін пайдалана отырып шешу жолдары туралы пікір алмасты. Іс-шараның қорытындысында ынтымақтастықты орнату мақсатында ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин және БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының атқарушы директоры Ингер Андерсен ШЫҰ мен ЮНЕП хатшылықтары арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Құжат биологиялық әртүрлілікті сақтау, табиғи апаттармен күресу, климаттың өзгеруіне бейімделу, ғылыми-техникалық ынтымақтастық, қоршаған ортаның ластануын азайту, тұрақты дамуға жәрдемдесу және экологиялық туризмді ілгерілету мәселелерінде екі ұйым арасындағы ынтымақтастықты дамытуды көздейді.

Іс-шара Қазақстан жариялаған «2024 жыл – ШЫҰ экология жылы» бастамасы аясында өтті.