• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Бокс 12 Наурыз, 2024

Өзбек боксшыларында қанша олимпиада жолдамасы бар?

4783 рет
көрсетілді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында өткен лицензиялық турнир аяқталды. Бокс бәсекесінің нәтижесінде Өзбекстан ерлер құрамасының сапы толықты, деп жазады Egemen.kz.

Көрші ел бокстан барлық салмақ дәрежесінде Олимпиада жолдамасын иеленді. 

Өзбекстан құрамасында 9 лицензия болса, Қазақстан қоржынында 7 жолдама бар.

Төрт жылдықтың басты сынында бақ сынайтын Өзбек боксшылары: 

Хасанбой Дусматов (51 кг) Абдумалик Халоков (57 кг) Руслан Абдуллаев (63,5 кг) Асадхужа Муйдинхужаев (71 кг) Турабек Хабибуллаев (80 кг) Лазизбек Мулложонов (92 кг) Баходир Жалолов (+92 кг)

Сондай-ақ Өзбекстан әйелдер құрамасында екі боксшы Олимпиада жолдамасын еншілеген.

Қазақстан ерлер құрамасы Италияда өткен турнирде 5 жолдама жеңіп алды. +92 кг салмақ дәрежесінде Қамшыбек Қоңқабаев Париж олимпиадасына жолдама тағдырын шешіп қойған еді.

Сәкен Бибосынов (51 кг) Сабырхан Махмұд (57 кг) Асланбек Шымбергенов (71 кг) Нұрбек Оралбай (80 кг) Айбек Оралбай (92 кг) Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг)

63,5 салмақта шаршы алаңға шыққан Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Италиядағы турнирде 1/16 финалынан аса алмады.

Қазақстан әйелдер құрамасында Олимпиадаға жолдама, әзірге, Карина Ибрагимовада (57 кг) ғана бар.

Айта кетейік, Олмпиадаға барар мүмкіндік боксшыларда әлі де сақталады. Олимпиада жолдамасы 23 мамыр мен 3 маусым аралығында Таиландтың Бангкок қаласында сарапқа салынады.