• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Наурыз, 2024

Алматыда жер сілкінісінен зақымданған ғимараттарды кім жөндейді?

114 рет
көрсетілді

Алматыда жер сілкінісінен кейін зақымданған ғимараттарды анықтау, қалпына келтіру бойынша арнайы комиссия құрылған. Оның құрамында төтенше жағдайлар департаменті, Қала құрылысын бақылау басқармасы, аудандық сәулетшілер мен басқа да уәкілетті органдардың өкілдері бар, деп жазады Egemen.kz.

Қалалық әкімдік жер сілкінісінен зақымданған ғимараттарды қалпына келтіру үшін көмек алудың тәртібін түсіндірді.

«Зақым келген нысандар анықталған жағдайда қала тұрғындары аудан әкімдігіне фотоматериалдармен бірге өтініш жазуы қажет. Ары қарай комиссия мүшелері өтініш негізінде зақымдану деңгейін алдын ала анықтау үшін ғимаратқа көшпелі тексеріс жүргізеді. Яғни, олар тірек құрылымдарының бұзылуы немесе төбе, сылақ, кафель, қасбетті әрлеу сияқты әрлеу материалдарының элементтеріне қатыстылығын анықтайды. Аудандық комиссиялардың барлық материалы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасында жинақталады. Кейін ол Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтына (ҚазҚСҒЗИ) жіберіледі. Өз кезегінде ҚазҚСҒЗИ мамандары белгілі бір нысанның зақымдану себебі мен оның дәрежесі туралы қорытынды шығарады», делінген хабарламада.

Ғимараттарды жөндеуге кеткен шығын түрлі қаржы тетіктерінен тартылады. Мәселен, нысандар бүлінген жағдайда әкімдік қаржы бөледі, көппәтерлі тұрғын үйлердің әрлеу элементтері зақымданған жағдайда жөндеу жұмыстары тұрғындармен әкімдіктің бірлескен күшімен жүргізіледі, ал ғимараттың тұтастығына зақым келсе қаржы мемлекеттік бюджеттен тартылады.