• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 14 Наурыз, 2024

12 мың шетелдікті үйіне заңсыз тіркегендер анықталды

1059 рет
көрсетілді

Алматы облысының прокуратурасы 12 мыңнан астам шетелдікті тіркеген 278 үйді анықтады. Тексеру барысында олар тіркелген мекенжай іс жүзінде болмағаны белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.

«Мысалы, Қарасай ауданының Батан ауылындағы үйлердің бірінде 300-ден астам шетелдік азамат тіркелген. Осы фактілер бойынша ҚР ҚК 394-бабы (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ мемлекеттік қазынаға үш мың заңсыз көшіп келушілердің 79 млн теңге салық төлемеу фактілері анықталды, олар бойынша өндіріп алу жұмыстары жүргізіліп жатыр», делінген прокуратура хабарламасында.

Тергеу елден шығып кетуі тиіс болған 29 шетелдік пен Қазақстанға заңсыз көшіп келгендердің 43 рет құқық бұзғанын анықтады.

Көші-қон кезінде 600 тәртіп бұзушылыққа жол берген 17 көші-қон полиция қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.