• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Наурыз, 2024

Елдегі автожолдардың 10 учаскесін су басты

147 рет
көрсетілді

10 учаскенің біреуі республикалық маңызы бар автожол, ал қалған 9-ы облыстық маңызы бар жол (оның ішінде жергілікті маңызы бар 1 автожол). Аталған учаскелерде су шаюы тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Қазіргі уақытта жолдарда жағдай тұрақталған. Ешкім зардап шекпеген. Барлық елді мекендерде көлік қатынасы бар.

ҚР ТЖМ мәлімдемесінде: «Су басуға табиғи факторлардан басқа су бұру арналарының, арықтардың, зардап шеккен елді мекендер ішінде арық-дренаж жүйесінің болмауы немесе өткізу қабілеттілігінің төмендігі ықпал етті. 89 мың текше метрден астам су тартылды, уақытша бөгет ретінде 2140-тан астам қап төселді», делінген.