• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Жемқорлық 15 Наурыз, 2024

Бұрынғы сот орындаушысы өз шотына 6 млн теңге аударып алған

392 рет
көрсетілді

Қостанай облысында бұрынғы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Ақпаратты 15 наурызда Қостанай облысының прокуратурасы таратты.

«Бұрынғы жеке сот орындаушысы оны лицензиясынан айырғаннан кейін өндіріп алушыларға берудің орнына жеке шотына 6 млн теңгеден астам ақша аударғаны анықталды», деп хабарлады Қостанай облысының прокуратурасы.

Бұл ақша қаражаттары – борышкерлердің әкімшілік айыппұлдар мен басқа да қарыздар бойынша жұмыс орнынан ұсталған сомалары.

Осы факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.