• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Өнер 16 Наурыз, 2024

«Бір шаңырақ астында»: Қылқалам шеберлері тың туындыларын ұсынды

183 рет
көрсетілді

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Алматыда «Бір Шаңырақ астында» атты бейнелеу және қолданбалы өнер туындылары көрмесінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған көрме ҚР Мемлекеттік орталық музейінде өтіп жатыр.

Наурыз рухын, көктемнің көркем көрінісін, сондай-ақ қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысының ерекшеліктерін бейнелейтін «Бір Шаңырақ астында» көрмесі арқылы отандық суретшілердің тың туындылары бір арнаға тоғыстырылды.

Көктем мерекесі қарсаңында қылқалам шеберлері арнайы салынған, сиясы кеппеген жаңа шығармаларын көрермен назарына ұсынып отыр. Бұл - аталмыш көрменің негізгі ерекшелігі.

Павлодар, Өскемен, Тараз, Шымкент және Астана қалаларының суретшілері өзара бірігіп, көрмеге 100-ге жуық өнер туындыларын қойды.

Айта кетсек, «Бір шаңырақ астында» көрмесінде отандық қолөнер шеберлерінің биік талғамынан туған ұлттық нақыштағы қуыршақтарды да көруге болады.

Экспозицияда Майса Ықласова, Полина Крутова, Анна Петракова,  Елена Панина, Диана Шайхеслямова, Лариса Логвинова, Динара Закарадзе,  Лаура Сатпаева, Елена Попова, Ержан Бұхарбаев, Дина Гаитова, Вера Малышева, Ольга Джанабаева, Арина Зырянова, Елена Белова,Перизат Есназарова, Ульяна Распутина, Күмісай Шарипова, Елена Семёнова, Алтынай Шарипова, Гауһар Жүнісова, Салтанат Жапарова, Ольга Салькова, Максим Ведерников, Евгения Ведерникова, Айгерім Орал, Арина Зырянова, Жарас Мамырбаев, Лаура Сатпаева, Ақмарал Қажыбек, Мурат Маскеев, Сәуле Жұмашева, Галина Шепелева, Светлана Савчук, Юлия Волошина, Алиса Меңдіғалиева, Анастасия Рыбалова, Елена Фурса, Татьяна Фисенко, Жанна Сергеева, Георгий Ли, Сарвар Накисбекова, Толқын Қалимова, Анна Чернышева, Қанат Садуақасов, Атабек Бекболатов және басқа да суретшілер мен қолөнершілердің шығармалары ұсынылды.

Айта кетерлігі, аталмыш көрме 6-25 наурыз күндері аралығында өтеді.