• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Наурыз, 2024

Семейде төтенше жағдай жариялау ұсынылды

317 рет
көрсетілді

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың шешімімен Семей қаласы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Тиісті құжат Ашық НҚА порталында жарияланды.

«Абай облысы Семей қаласы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Семей қаласы әкімінің орынбасары Р.М. Досмағанбетов тағайындалсын және табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын», делінген хабарламада.

Төтенше жағдай жариялау жөніндегі құжаттың жобасы дайындалғанымен төтенше жағдай жарияланған жоқ. Абай облысы әкімдігі өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта Семей қаласында төтенше жағдай жариялауға негіз жоқ. Қарғын судың алдын алу жұмыстары атқарылып жатыр. Жағдай қалыпты.