Шығыс Қазақстан облысындағы Алтай қаласында тау-кен байыту кешен аумағындағы 2 қабатты цехтың шатыры өртке оранды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері жұмылдырылды.
«Сөндіруге ШҚО ТЖД жеке құрамының 18 адамы мен 5 техникасы, сондай-ақ кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің 10 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өрт оқшауланды, алдын-ала болжам бойынша өрттің аумағы 260 шаршы метрді құрайды», делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.
Жалпы ауданы 260 ш.м-де болған өрт сағат 15:48-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.