• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Мәдениет 19 Наурыз, 2024

Үйлесім

113 рет
көрсетілді

Ұлттық киім күні – руханиятымыз үшін келелі оқиға дер едік. Ал ұлттық нақыштағы киімдерді өмір салтымызға енгізу – елдік сезімімізді асқақтатар бірден-бір үрдіс. Баба жоралғысын сақтау арқылы ұрпақ санасы дәстүрмен үйлесім табары сөзсіз.

Былтырғы желтоқсан айынан бастап Қазақстан аумағында ұлттық киім мен ел мә­дениетін на­сихаттауға бағытталған «Ұлттық сезім» флешмобы өткізіліп келеді. Бастаманы көтерген – YPO Kazakhstan компаниясының төрағасы Қанат Көпбаев. Бұл күні бірқатар ұйым­ның қыз­меткерлері, сту­денттер мен оқу­­­шылар заманауи стильдегі ұлттық кос­тюмдер ки­іп, дәс­түрлі ак­сес­­суар­лар та­ғады. Қазіргі таңда жобаны елі­­­міздегі 100-ден аса компа­ния, б­ілім беру ұйым­дары, Ұлт­тық спорт қа­уымдастығы мен оның фе­де­рация­лары қолдап, қа­тысушылар саны 20 000 адамнан ас­қан.

Олардың қатарында Кusto Group, Tas Group, Chocofamily Holding, «BI Group», Astana Group, Invictus, Novopack, Bilim Media Group, Ordamed Group, MYD Production, SDC, Freedom Holding Corp, Magnum, АҚ, «ҚТЖ» ҰК», NKB Group, AlemAgro, Iron Plast Group, Jusan Mobile, Grata International, Банк Centercredit, Viled Group, Caspian Sea Support, Kazakh Speaking Club, Kusto Logistics, Zhebe Logistics секілді компаниялар бар.

Сондай-ақ әртүрлі білім беру мекемелері де бастамаға қосылып, қолдау білдіріп отыр. Атап айтсақ, ҚазБСҚА, ХБК, Esil University, Zubanov University университеттері және Kau School, High Tech Academy мектептері, т.б. Бұдан бөлек, ай сайын бастамаға бүкіл Қазақстан бойынша орта мектептердің мұғалімдері мен оқушылар да қолдау білдіріп келеді.

«Ұлттық сезім» ұйымдастырушыларының айтуынша, жобаның басты мақсаты – салт-дәстүр мен мәдени мұраны сақтап, тарату, ұлттық киім қолөнері мен нарығын дамыту, сондай-ақ осы салада жұмыс істейтін жас дизайнерлер мен қолөнершілерге қолдау көрсету.