Армения астанасы Ереванда 23 жасқа дейінгілер арасындағы еркін күрестен халықаралық жарыс аяқталды. Оған Армения, Беларусь, Грузия, Италия, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Франция елдерінен барлығы 200-ден астам балуан қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қарулы күштер қызметшісі Камиль Куруглиев 92 келі салмақ бойынша турнир алтынын олжалады.
Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше Камиль Куруглиев бірінші кездесуде Еуропа 2023 U20 чемпионы армян балуаны Князь Ибоянды жеңіп, екінші кездесуде Иран чемпионы Әмір Азипурдан да 13:2 есебімен басым түсті. Соңғы кездесуде беларусь балуаны Алексей Пархоменконы 7:3 есебімен ұтты.