• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 22 Наурыз, 2024

Бишімбаевтың тағы бір былығы әшкере болды

244 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желіде экс-министрдің тағы бір бұзақылығы әшкере болды. Қ.Бишімбаев бұл жолы мейрамханалардың бірінде барменге қоқан - лоққы көрсеткен, деп жазады Egemen.kz. 

Оның әдептен тыс қылығы түсірілген видеоны саясаткер Сырым Итқұлов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған.

Видеодан бұрынғы министрдің барменге бейәдеп сөздер айтып, қоқан-лоққы көрсеткенін байқауға болады.

Желі қолданушылары ел билігінде мұндай тұлғаның болғанына таңданысын жарыса білдіріп жатыр.

Айта кетейік, Қ.Бишімбаев өткен жылдың қараша айында Астанадағы мейрамханалардың бірінде жұбайын өлтірді деген күдікпен қамауға алынды.