• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 22 Наурыз, 2024

Жауын-шашын, көктайғақ. Ертең 14 өңірде ауа райы қолайсыз болады

1116 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК 23 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, ертең Қазақстанның 14 өңірінде ауа райы қолайсыз болады, деп жазады Egemen.kz.

23 наурыз күні Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында тұман түседі.

Ұлытау облысының шығысында түнде және таңертең тұман түседі.

Қарағанды облысының шығысында, онтүстігінде тұман түседі деп болжанған.

Атырау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жел болады.

Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде тұман түседі.

Астанада түнде және таңертең тұман болады деп болжанған.

Абай облысының оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман.

Түркістан облысының батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жауын-шашын, тауда қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), тұман болады.

Шымкентте түннің бірінші жартысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), тұман күтіледі.

Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші секундына 15-20 метрге жетеді.