Мәскеуде болған жағдайға қатысты Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеме жасады. Теракт кезінде Мәскеуде оқып жатқан Қазақстан азаматтары зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еске салайық, 22 наурызда Мәскеу облысындағы Crocus City Hall концерт залында теракт болды. Министрлік мәліметінше, Ресей Федерациясында «Болашақ» және «500 ғалым» бағдарламасы бойынша бүгінде 32 Қазақстан азаматы білім алып жатыр, оның 24-і Мәскеуде оқиды.«Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Барлық стипендиаттар байланысқа шықты», деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігі.