• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 26 Наурыз, 2024

Данил Мұсабаев Олимпиада жолдамасына ие болды

100 рет
көрсетілді

Батутты гимнастикадан Қазақстан құрама мүшесі Данил Мұсабаев Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Olympic.kz-тің мәліметінше Германияның Котбус қаласында Олимпиадаға іріктеу турнирінде финалға өте алмай, 47-орында қалған Данил Мұсабаевтың 2023 жылы Португалияда (9-орын) және АҚШ-та (20-орын) өткен әлем кубогі кезеңдеріндегі нәтижесі есепке алынған. 

Айта кетсек, батутты гимнастикадан Олимпиадаға іріктеу турнирі аяқталды. 16 ер және 16 әйел спортшы Париж-2024 додасына енеді.

Қазақстан жалпы есепте 14-орында тұр.