• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Наурыз, 2024

Бишімбаев ісі: Алқабилерді іріктейтін жабық отырыс басталды

144 рет
көрсетілді

Жоғарғы сот экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сотқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Жоғарғы Соттың коммуникациялар бөлімінің басшысы Перизат Сәдуақастың айтуынша, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабиге кандидаттарды іріктеу жүріп жатқан жабық отырыс басталды. Жиналыста 12 адамнан (10 негізгі және 2 резервтік) тұратын алқабилер құрамы құрылады. 

«Өздеріңізге мәлім, Бишімбаевқа қатысты сот талқылауына қоғамның қызығушылығының артқанын ескере отырып, осы іс бойынша ашық сот отырыстарынан ашық онлайн-трансляция ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. Осылайша, онлайн-трансляция арқылы кез келген адам, соның ішінде БАҚ өкілдері бұл сот процесінің барысын бақылай алады. Бұл шешім сот талқылауының ашық әрі жариялы болғанын және жалғасатынын білдіреді.   Естеріңізге сала кетейін, істің алдын ала тыңдауы да ашықтық қағидаты сақтала отырып өтті. Процеске қатысушылардың және қатысуға ниет білдірушілердің көптігін ескере отырып, отырыстан онлайн-трансляция жүргізілетін қосымша екі зал ұйымдастырылды», деп жазды ол.    Айта кетейік, наурыз айының басында әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді және азаптады деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың ісін алқабилер алқасы қарайтыны белгілі болды.