Бүгін Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевтың ісі қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Ашық сот Жоғарғы Соттың әлеуметтік желідегі парақшасында онлайн режимде көрсетілді. Процеске бүгін жасақталған алқабилер құрамы да қатысты.
Отырыста мемлекеттік айыптау тарапы іс бойынша айыптау актісін оқыды.
Сот барысында экс-министр бұл жолы да қылмысты мойындамайтынын мәлімдеді.
Бишімбаев ісінің судьясы Айжан Құлбаева келесі сот отырысын 29 наурыз, сағат 10:00-ге бекітті.