Маңғыстау облысындағы Ыбықты-Сай шатқалына ойып жазу қалдырған шенеунік тағы да қызметінен босатылды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ведомство бұған дейін басы дауға қалған шенеунік Манас Көшербаевтың жаңа қызметке тағайындалғаны туралы ақпарат БАҚ-та жарияланғанын еске салды.
«Байқау комиссиясының шешімімен Манас Көшербаев Байғана аудандық мәдениет үйінің директоры болып тағайындалған. Алайда бүгін Байғана аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру бөлімі басшысының бұйрығымен 2024 жылғы 27 наурыздағы және спорт істері бойынша Манас Көшербаев берілген өтінішке сәйкес қызметінен босатылды», делінген министрлік хабарламасында.
Бұған дейін Манас Көшербаев Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәдениет үйін басқарған. Оның кандидатурасы конкурстық негізде мақұлданған. Шенеунік жаңа жұмысын 2024 жылдың 6 наурызында бастаған екен.
Еске сала кетейік, Манас Көшербаев 2023 жылдың тамыз айында Ыбықты-Сай шатқалында жасаған вандалдық әрекетімен танымал болған еді. Ол балға мен бұрағыш көмегімен шатқалға қашап жазу жазып, кейіннен лауазымды қызметінен айырылып қалған.
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
ЕҰУ студенті