Қостанай облысының Арқалық қаласы, Амангелді, Жангелдин аудандарында төтенше жағдай жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов кешеден бері су тасқыны болып жатқан аудандарда жүр. Жергілікті билік бұл мәселені ең қысқа мерзімде шешіп, зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсететін болады. Су тасқынынан болған шығын мөлшерін есептейтін арнайы комиссия құрылды және халыққа келген шығындардың бәрі өтелетін болады.