• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Наурыз, 2024

Қылшақты өзенінің суы қайтадан жағадан шықты

73 рет
көрсетілді

Көкшетау қаласындағы Қылшақты өзенінің суы жағадан шығып, 16 жеке үй, 29 жеке аула аумағы, 12 көпқабатты тұрғын үй ауласы, сондай-ақ «Ертөстік» балабақшасының 1-қабатын су басып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта 150 м жағалауды нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр, 280 тонна инертті материал төселді. 111 адам эвакуацияланды, оның ішінде 30 бала бар.

  Су басқан учаскелерде полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың кезекшілігі ұйымдастырылды. Оқиға орнына ТЖД жеке құрамының 104 адамы, 14 бірлік техника, 9 мотопомпа, ПД - 7 адам және 7 бірлік техника, ЖАО – 126 адам, 64 бірлік техника, 10 бірлік мотопомпа жұмылдырылды.