• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Әдебиет 30 Наурыз, 2024

Танымал ақын қаныпезерлікке толы оқиғалардың неге көбейіп кеткенін айтты

393 рет
көрсетілді

Белгілі ақын Ұлықбек Есдәулет соңғы кездері тым көбейіп кеткен қатігездікке толы оқиғаларға қатысты ойын тарқатты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол алдымен «Қазақ неге қатігезденіп барады? Қаныпезерлер қайдан шығып жатыр?» деген сауалдарға жауап іздеген.

«Құдай бетін аулақ қылсын!

Мұның бәрі - біздің ойлыларымыз айтып, сақтандырып жүрген жаһанданудың көрінісі. Жұрттың бәрін бірдей тегіс кінәлаудан аулақпын, бірақ бесік жырын естімей өсу, Ана тілін білмеу, ұлттық салт-дәстүрге, тиым-нанымдарға пысқырмау, қазақы қасиеттерге мұрнын шүйіру, ата-бабаның өсиет-моралін менсінбеу, өз еліңнің асылын, озығын бағаламай, басқа елдің жасығы мен тозығына табыну - жаһанданудың ең жағымсыз, зиянды жақтары. Бұған Абай атамыз айтқан «5 нәрсені» білмеуді, барлық пен байлықты көтере алмау, даңғойлық, мақтаншақтық, ашкөз қанағатсыздықты, бетімен кеткен көргенсіздікті қосыңыз. Мұның бәрі айналып келгенде адам баласын есірік әумесерге айналдырады», дейді Ұлықбек Есдәулет.

Ақын біз өз қоғамымызда осы жайттарға куә болып отырғанымызды қоса айта кетті. 

«Тәрбиесіз қоғам - тұл!», деп пайым жасады қаламгер.