Аудан орталығы – Миялы ауылына Ойыл өзенінен тасқын судың кіру қаупі төнді. Осыған байланысты ауданда төтенше жағдай жарияланып, ауыл тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіруге шешім қабылданды, деп жазады Egemen.kz.
Қызылқоға ауданы әкімдігінің мәліметінше, тұрғындарды қабылдау үшін Миялы ауылындағы Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназия, Х.Досмұхамедов атындағы орта мектеп пен «Нұр-Шуақ» балабақшасы дайын тұр.
«Арман» мәдениет үйі мен «Жаңа арна» мекемесінің ғимаратына жиналу сұралады. Бірінші кезекте әйелдер, балалар, науқас адамдар, үш топтағы мүгедектер көшіріледі», деп хабарлады аудандық әкімдіктен аудан тұрғындарына.